Post has attachment

Жігіт барлық қыздарды көзімен, тек жалғызын жүрегімен сүйеді...
Photo

Post has attachment
Өміріңізді түбегейлі өзгертетін 23 іс

1. Шет тілін меңгеруді бастаңыз. Әр күн сайын оны үйренуге кем дегенде жарты сағат бөліп отырыңыз.

2. Бөлмеңізді қажетсіз заттардан екі күнде бір тазалауды ұмытпаңыз.

3. Компьютерлік және өзге ойындардан бас тартыңыз. Олар адамның дүниетанымына әсер етіп, жаман істерге баулиды.

4. Көше самсасы мен донерінен жемеуге тырысыңыз. Дұрыс тамақтануды үйреніңіз.

5. Таңертеңгі жаттығуларды жасап отырыңыз.

6. Күнделікті бір уақытта ұйықтап, белгіленген уақытта тұруды үйреніңіз.

7. Ағзаңыз алғыс айтсын десеңіз, тамақты да бірдей уақытта жеңіз.

8. Күні бойы көтеріңкі көңіл-күйде жүру үшін 8 сағаттан кем ұйықтамаңыз.

9. Ақшаңызды үнемдеңіз. Саяхатқа ақша жинаңыз. Өзге мемлекеттерге саяхат адамның ой-өрісін дамытады.

10. Тек жақсылық жайында ойлаңыз. Ойлағаныңыз міндетті түрде жүзеге асады. Үнемі күлімсіреп жүріңіз.

11. Табысты сәттеріңізді жазуға арналған күнделік бастаңыз. Және ең кіші деген табыстарыңызды атап өтіңіз.

12. Өмірді өзгертуге септігін тигізетін, дұрыс кітаптар оқып үйреніңіз.

13. Күнделікті 1 сағат интернет желісінде отырыңыз.

14. Тамақ ішуге 10-15 минут қалғанда бір кесе таза су ішіп алыңыз. Күніне 2 литрден кем су ішпеңіз.

15. Сымбатыңызды жөндеңіз. Артық салмақтан арылып, спортпен айналысыңыз.

16. Мақсаттарыңыздың суреті ілінген «Арман тақтасын» жасаңыз.

17. Осыған дейін жасай алмай жүрген істердің тізімін жазыңыз. Оларды орындасаңыз, жеңілдеп қаласыз.

18. Паразит сөздерден арылыңыз. Яғни сөйлеу мәнеріңізге мән беріңіз.

19. Күнде игі істер жасап отырыңыз.

20. Көкөністерді жеміс-жидектермен алмастырыңыз.

21. Жүрген кезде бойыңызды тік ұстаңыз.

22. Бойыңызда жинақталған барлық жаман әдеттерден арылыңыз.

23. Адамдарды сыртынан жамандаудың орнына, қошемет сөздерді жиі айтыңыз.
Photo
Wait while more posts are being loaded