Ақылдық қуаттың да шамасы мен жетелік, саналық қасиет ерекешелігі де әрбір пенденің тағдырындағы ғылымына оны өсіріп көбейту барысындағы талғамына, қабілетіне, кәсібіне, меңерген ілім, білім, өнерлеріне тәуелді болмақ.
Енді бүкіл діншілердің ақылдарын шариғатпен, ғибадатпен сыртын тазаласа болғаны, іші өзінен-өзі нұрланады дегенің өзіде күлкілі жағдай екені сөзсіз.

Олай болса ішкі дүниені тек исламдық дін ұстаным арқылы ғана тазартуға болады, немесе ақылдың қуаттылығын меңгерген даналыққа ғылымсыз намаз оқумен, ғибадатпен жетуге болады, дегенің өзі ақылмен қабылданбайды. Себебі исламға дейінде адамзат түрлі дін ұстанып, даналыққа жетіп, өркениетті қалыптастырғаны да хақ.

Абай атамыздың; «Әрбір ғалым-хакім, дана емес. Әрбір дана, хакім-ғалым.» дегенді. Ал даналықпен, хакімдікті (ел бағушылықты) жетілдіретін ғылымды меңгерумен байланысты философиялық ойшылдықтың, абыздықтың сәугейліктің, әділеті заң шығаратын биліктің төрелік қасиеттерін меңгерудің діні, білімі адамзаттың жаратылысынан бері жалғасып келе жатқаны да мойындаған жөн. Ал «олай болса тура жолдың ерекшелігі қандай болмақ?» деген сауалға қазақ ұлтты тұрғысында кезбелікпен әлемнің бар өсиетін жинаумен емес, діліміздің білім болған Абай атамыздың насихатынан ақылдылықты, даналықты меңгеру білімінен іздеген де абзал болмақ.

ШАРТТЫ МЕН ШАРТСЫЗДЫҚ ДІННІҢ ӨЛШЕМІ!

Елдің, діншілердің рухани жағдайына ақыл тоқтатып көрсек; әр заманға қарай уаққыттық қозғалыстың, жартылысы себептерінің өзгерумен байланысты, рухани қуаттарды білім-өнерлерді, кәсіптерді меңгерумен де білімінің қуаты артып, ал жанның ілімі пайғамбарымыздың келген заманымен қуаты өспей, дамымай тұрақты тоқтап тұрады, деген надандық қана болмақ. Жан үлкейіп жетеліп көбеймесе замандық нәрселерге қалай жан беріп тұрақтандырмақпыз?

Рұқ Алланы, сөзі, аяттары құран болып белгілі бір нәірсенің ұрығына, дәніне айналалмақ. Мысалға өсімдік, ағашт,б жараталыстың ұрықтары ұқсас болғанмен оған жан енгенде өзінің тегіне қарай бейнеленеді. және жаның шамасына қарай үлкен, кіші, қуатты түрі-түсі де сапасы да әртүрлі болмақ. Адамзата тек рұқтан өсіп өнетін болса бәріміз Адам атаға, немесе бір әкемізді қайталауымыз керек. Бірақ бір әкеден де сан түрлі ұрпақтар туылады, демек жаның да түрленуіне әйелдзатының әкесінен жанға алған рұқтық білімге текке де тәуелді болмақ.

Олай болса масабшы діншілердің пәтуасымен бәрін рұқтан тарқатсақ онда; Мұндай жағдайда Алладан түсетін нұрлы сөзі, аяттары да тоқтауы керек. Олай болуы мүмкін емес, онда уақытта тоқтап, әлем қияметік-қайымға тірелмек. Және қандайда бір өркениетке адамзаттың дамуына, Алла тағаланың құдіретті, ғылымды, әділетті сипаттары арқылы ғана ақтың-жаның өркениеті дамиды деп түсіну керек.

Енді иманды-таза ақылдан рұқты Алланың себептерінен келтірген әрбір есті адам баласына, оны меңгеруші Алла тағаладан уахи үкімдер алып, дамытуға үлес қосқан достарын, елшілерінің кітаптарына жалғануды серік қосу, дегенің өзі бағзы замандағы білімсіздіктен, ілімнің жетілмеуінен туындаған ақымақтық надандықты қайталау ғана болмақ. Заман-Алла тағаланың өзі, шартсыздық яғни өзгеруге түрленуге әлемдік тұрғыдағы адамзаттың меңгеруге тиісті намазына айналмақ.

Алла абсолют тұрақты болғанымен, оның ӨЗІ, ОЛ, МЕН, БІР, БІЗ сипаттары шартсыз үнемі көбейіп, өсіп отыруымен шартсыздыққа жатады. Болмаса әлем де шартты тұрақты болып кеңіп үлкеймес еді. Тура жол да үнемі ұзарып уақытпен, тағдырмен байланысты болуы шартсыз керек, демек Масһаб білімін шарттылық тұрғыда тура жол деген надандық болмақ!...

«Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.» «Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек?!»
** **
Дінде тура жолға жалғану даналықты үлгісі Ханафи масһабын алғанымыз рас. Және бұрынғы заман барлық жақсылардың білімін шартты түрде орындаумен байланысты. Олай болса, даналықтың өлшемі де замандық қозғаласқа сай болу үшін, шартты болмай, шартсыздың әрекетімен үнемі қуатылығы артып жетіліп отыруға тиісті екенін де ақылмен қабылдаған жөн.

Егер біздер Ханафи масһабының пайда болған мезгіліндей ғана даналықты меңгерген әулиелерді алып, олардың жасаған ғибадатына ғана сүйеніп мұны тура жол шартсыз десек; онан кейінгі талай замандардың өркениетін әлемдік қозғалыстың кеңіп өсіп, жылдамдығы да артуын мүлде дін өркениетінен алып тастаған боламыз. Бірақ адамзаттың жаны үнемі шартсыздық тұрғыда кеңістіктен орын алып, көбейіп жетілуде кеңуде қутылығы артуда екенін білген қандайда бір есті адам баласының мұндай надандықты қабылдамауы да сөзсіз.

Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайтынын білген адам баласына, заңмен ұялтып, арамнан тыиуға, ұлттың ынтымағын құдайдың бақылауынсыз аруақтың қатысуынсыз, күзетшісіз имандылыққа қалыптастыра алады, деп құдайдың ісінен, қолдан жазған заңдарды биік қойуға ары бармас еді.
** **
Енді әрбір заңның орындалу барысын қадағалап, оны бұзғаны үшін жазалап, жақсы орындағаны үшін сыйлықтар беріп отырмаса, құр сөзбен мақтай бергеннен түбі жалығып заңның өзін бейтараптыққа айналдыратын, немесе айналып өте білетін сол мақтаған пенденің өзі болып шығады.
Және әрбір мұндай заңдар шыққан сайын оны орындатуға таратуға, үйретуге, орындауын бақылауға қаражат та мол бөлініп, ақпараттық жүйе де бұған талмай қызмет қылып, ақырында елді де мезі қылып, жүректерге сіңбеген жағдайда, (құдайсыз намаздарынсыз сіңуіде мүмкін емес) рухынан тыс ақпараттардың халықтың жүйкесіне тиіп бітетіні де сөзсіз.
*** ****
Философиялық тұрғыда енді мұндай ар, ұятылық әдептің де бақылаушысы, жақсы орындасаң сый беріп мадақтаушысы да, бұзсаң жазалаушы ел билігі тәңір болып шыға келеді. Бұл да бір тажалдық білімнің көрнісі екенін «қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» дегенді діннен хабары бар естілер ғана ұғына алады.

Себебі ішкі дүниемен сыртан кеген заңды бәрібір жүректе отырған шайтан, күнә кіргізіп, онан жақсы нәтиже шығуы да мүмкін емес, әлемде болған да емес. Құдаймен қорқытса ғана шайтан қашып мұндай ақпараттардың жүрекке еніп, амал жоқ қозғалыс жатқан ақылынын орнынан қозғап, қуаттардың алмасуы да жүріп және қандайда бір адам баласының рухани тазалығына, жасаған саубына, амалына жауапты міндетті түрде беретін; денсаулықпен, тағдырын өзгетумен өмірге несібе берумен таусылмайтын ризық иесі, әділетті құдаймен қалай теңдес бола алады?
** ***
Қандай жағдайда болсын құдайын тануға қадам басқан адам баласының жауапкершілігін бақылап, аяндармен ескертіп, өзі үшін атқаруға міндетті қылып қоятын құдайдың ісін, ілімін; енді тәпсірлік білімге айналдырып, және заңның қарамағына беріп, мақтанға айналдырудан артық зұлымдықты ойлап табудың керегі де жоқ.

«Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.»
*** ***
Халықпен арадағы жандық, имандылық байланыс жібі болмаған, айтылған сынды арымен қабылдамаған ел билеушіге ой түгіл ақылдың да керегі шамалы.
** ***
Көргенділік, болжам отанның рухани физикалық ақпараттар өрісіне, ағымына сәйкестіктен
** **
Ақыл-ой тұрғысынан қарасақ, адам баласы заңды жетік білген сайын оны бұзуға да жетік болады
** **
Жалпы заңды меңгеру дегеніміздің өзі, заң жүйесінің қандайда бір осал жерін тауып айналып өте білумен нәтижесін береді. Шынында арлы, ұятты өз дәстүрін құдай заңын біліп сақтай білгенге жалпы заңның көбін ұмытып қалғаны да дұрыс. Болмаса рухани тұрғыда тежелу мен ақылдың еркін байлап қозағалыста дамуда ілгерлеу болмайды. Сондықтанда қазақ ел билігі европалық дінсіздікті "зайырлық", "светский" деп бұрмалап алуында да астарлы ібілістің жобасы бар.
** ****
Масһаб білімі де қатып қалған заңдылықтарға негізделіп, ақылға қақпанға айналғанына, ойға шектеулі жүйемен, шектеусізге жалғануға кедергі болғанын, әлі аңғарған есті адамдар, үлкендер аз қазақта. Күн санап бұл заңдылықтарды артумен айналысуды дін ғылымы- теология деп атайтын болдық.
*** ***

Назданған аруақ тылсымнан!

Сай мен төбе бір болған,
Кедей байға жем болған...
(Бұқар жырау аруағынан)
** **
Екі күнің ұрланған,
Жете сана жоғалған
Әулие өзін пір қылған,
Біліммен ой жорыған
Сөз ұғымын ұрлаған
Арсыздықты дін қылған
Босағаңды төр қылған,
Төрге шыққан құл, құтан.
Жаныңнан қуат жоғалған,
Ақылдан білім оздырған
Үлкендік қасиет қонбаған
Әкім болды жастардан.
Кісілігің пұл болған,
Байлықпенен би қылған
Ата заңды жүн қылған.
Дәстүрің құр сөз болған,
Күнде жиын тойланған,
Қалмады үлкен ойланған.
Қыз, қатынды қүң қылған,
Әжелік қылық қыз болған
Шайтаннан жын қылған.
Етектен сана жоғалған
Еркектерді мас қылған,
Қызтеке сопыдін қуған.
Масһабты тура жол қылған,
Құдайшылдық жоғалған,
Аруағың ата жер болған.
Жеріңді сатып пұл қылған,
Әлемге жүр қол жайған,
Қараны түгел нұр қылған.
Өзіде нұрдан жаралған,
Құдайдан сөзін оздырған,
Мәңгілік жанды ұжданнан,
Көктегі жұлдыз «БІЗДІ» алған
Халыққа тарту сый қылған
Ел басқарды Нұрсұлтан!
Зиялың түгел жын болған
Атасын жолын соттатқан.
Ана тілін ұмытқан,
Арсыздыққа жақтасқан,
Орыстың тілін сайратқан,
Дін басшы шықты ар сатқан.
Шеріктерді жинаған,
Мешітерге қамаған,
Нәсілін орыс шақырған
Жұмасына қол салған,
Ібілістік бұл ұрпақтан.
Аруағың қазақ назданған
Лағнетін құдай сұратқан
Құтылар кім бар азаптан
Қазақты бүгін ант атқан!?
(Қыркүйек айы 2016 жыл)
* **

Анаңның тілі арыңменен

Адамның адамдығы тіліменен,
Ақылмен сөзді тауып бейнелеген.
Ақылға ғылым билік жүргізуге,
Ой қуатын мінезбен меңгер деген.

Тіліне жан ашырлар күресумен,
Ана тілін сөйле деп үндеп жүрген.
Сөзін қазақ тілімен сөйлесеңдер,
Текті аталып ар-ұятың түгел деген.

Ақылы ғылым таппай жынды жүрген,
Ойсыз тілден елің болмас түгелденген.
Ойды дінсіз, ілімсіз табады деп,
Аузы бармас айтуға есін білген.

Ар түгіл ұяты жоқ түгелденген,
Қыз, қатының аз қалды діл меңгерген.
Тілі сайрап қанында діл жоғалса,
Тотыдай құс болар сөйлей білген.

Дәстүрін бар ма ұлтшыл сақтап жүрген?
Ілімінен Ясауи баба ақыл көрген.
Патшамен қойшы киімі бірдей болып,
Ақылдың бұл шарты дәстүр білсең.

Төрт ақылдан хабар жоқ тіл ізденген,
Ар сауытың баста жоқ, білімдіден.
Ақыл толмай иманың қалай болмақ,
Төртеуің түгел болса, төбеден келер деген.

Көтін ашып, шаш жайып тіл безеген,
Қол, аяқ кеудесі ашық арсыз жүрген.
Тіліне жаны ашымақ тажалдар ғой,
Қазақ тілі-ар тілін жерлеп жүрген.

Ұлттық бірлік сақтауға елді үндеген,
Дәстүр –салтын сақтайық тегін елден.
Зиялы қауым ұлтжанды жүр аталған,
Ойсыз тілді, дінсіз дәстүр ақ жол деген.

Тажалдар 30-түрлі білім білген,
Қияметте дегенді пайғамбар өсиетпен.
Адамзаттың білімін өзіне қарсы қояр,
Ғылымды меңгертпеуге ілімменен.

Ар білімін ел билік тыиды заңмен,
Құдай ісін қудалап жоба іздеген.
Ой мен тілдің жарығы ойпат деген,
Әулиелі орындар қалды күтілмеген.

Сұрау жоқ ардан ел бүлінген,
Қияметтің сыны азап, ауру келген.
Төрт мың дінмен, осынша құдайың бар,
Осы емеспе сөзіңмен қазақ дін бүлдірген?

Дін тазасын дәстүріңмен меңгермесең,
Арсыз тілің не болады сөйлей білген?
Құдайдың уахи, бата аятына бой ұсынбай,
Тілің азар құдайдың қалауына ілінбеген.

Тажалдар ғой ел жүрегін жауып жүрген,
Ықыласын ел дәстүрінен бұра білген.
Акедемик, ел билеуші ғалым болып,
Дін ғалымы сөз ұғымын көп бүлдірген.

Бөлшектеуші ғұрпын елдің таңдап алған,
Ұлттық намыс осы дейді ұстана алсаң.
Намысың ар емеспе бойыңа жарық қылған
Түгел тұт дәстүр салтты арлы болсаң.

Бірлігін ілім, білім түгелдеген,
Ортасынан уахи, аян көре білген.
«Еденица» еліңнен басшы шықпай,
Тажалдардың құлдығында елің жүрген.
(қыркүйек 2014 жыл)

Ойыңда тұрған қай қайғы?

Дүние байлық болмайды,
Иманы жоқ көмеске,
Байлығың ұзақ тұрмайды,
Қорқытпа босқа жемеске.

Жындыларға мал қайғы,
Сенетін шайтан елеске.
Салып жүр құр ойбайды,
Саудасыз елге бермеске.

Білімен тағдыр болжайды,
Құдайды алмай есепке.
Таусылар байлық болмайды,
Жаратқан өзі бермекке.

Тарихты өткен қозғайды,
Құдайдың ісін жеңбекке.
Қайталайды деп орыс ондайды,
Атасын кеткен келмеске.

Ал өзің есті болсайшы
Атаңдай текті өспекке.
Жаныңа неге қонбайды?
Даналығын Абай бермес пе?

Діншінің ісі қандайды?
Иманы бар ма өнбекке?
Құр сенім жарық болмайды
Дене боп қайта келмекке.

Хикметсіз дін болмайды,
Құдайдан жоба білмекке.
Дін ісі жол болмайды,
Шексізден ісін көрмекке.

Антасумен тарқайды,
Діншілер түгел кеңесте.
Бірлігін ислам алмайды,
Масһабпен жынды жеңбек пе?

Қорқытып заңмен алдайды,
Айналған билік дөңбекке.
Бөлегі діннен сол қайғы,
Тжал боп ажал жеңбек пе?

Ақындар салды ойбайды,
Ары қап артта келмеске.
Білімге сөзін жалдайды,
Ойы жоқ иман ілмекке.

Шаштарын нәзік қыз жайды,
Қайғының жайын білмекке.
Көт ашқан ұят болмайды,
Ары жоқ ерге көрмекке.

Үш тілге болып оңтайлы,
Аздырған қанын ермекке.
Ұрпақты кім қорғайды?
Алты ауыз араз ер жетсе.

Етексіз қатын оңбайды,
Сананы берген өлмекке.
Туғанмен тегі болмайды,
Шара жоқ арам ембеске.
(қыркүйек 2014 жыл)

Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-10
24.09.2018 | 0 | 0
Бақыт, бақыт, деп айтып жатамыз. Мен бақытсызбын, ол бақытты неліктен?- деген ой салады көкірегімізге. Өлі жібімей, тірі байымайды біреу сəулет сараймен байлықпен ақшамен т.б. бақыттымын деп ойлағанмен бақытты оның көзі көрмейді. Ол көзге көрінбейтін байлық; бірінші тұрғыда Аллаға бет бұру намаз оқу үшінде алдымен таза дәретті сақтап зиярат ету яғни ақталаудан өтіп тағдырды жалғау керек. Сонымен ақиреттіктерге құран бағыштау, тақуалық, иба сақтау тазалық, əдептілік сабырлық төзімділік шыдамдылықты меңгеру, аруақты еске алу, жұма күні ата бабаларымызды еске алып, жеті шелпек пісіріп, құран бағыштау садақа беру керек.
https://atazholy.kz/2018/09/зікірде-келген-тарихтан-үзік-сырлар-10/
*** ******

Post has attachment
Бастың қадірі (117)

Кетіп қадір бастардан,
Қадірсіздер елді басқарған.
Көпшілік жүр жалаңбас,
Бас киіммен болып қас.
Жабуға басты қорқады,

Сілтеме: https://btk.atazholy.kz/ -117/
© Ата жолы
* ***
Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?
Жұрт сүйген нәрсені ол да сүймек.
Ішің берік боп, нәпсіге тыюлысып,
Паңсымай, жайдақсымай, ірі жүрмек.

Сасқаныңды көрсетпе ешкімге бір,
Сүйтсе де ірісімен кеңесіп жүр.
Кейбірін қауіптендір, мінін тауып,
Кейбірін жылы сөзбен көңілдендір.

Көрінбе ел көзіге әсте қорқақ,
Жанды жан демейтұғын жан шығып бақ,
Анда-санда құтырған жаман емес,
Оныңды жиі қылмай және бол сақ...
(Абай ата)
** *
Wait while more posts are being loaded