Profile cover photo
Profile photo
Ордабасы Ауданы
3 followers
3 followers
About
Communities and Collections
View all
Posts

Post has attachment
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Ордабасы ауданының тұрғындары!
Сіздерге 2018 жылдың 20 тамызынан бастап Түркістан қаласында «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлердің тестiлеуін өткізу орталығы ашылғанын хабарлаймыз.
Түркістан қаласында «Департаменттер үйі» ғимаратының (Шымкент-Қызылорда айналма жолы бойында, қалалық балалар емханасы жанында) 3 қабатына орналасқан орталықта мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін сынақтан (тесттен) өтуге болады.
Photo
Add a comment...

Post has attachment

Post has attachment
ШАРУАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСЫП, ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшелері Уәлихан Қайназаров пен Дархан Мыңбай жұмыс сапарымен Ордабасы ауданына ат басын бұрды. Алдымен депутаттар "Нұр Отан" партиясы Ордабасы аудандық филиалының ғимаратында ауданның еңбек ардагерлерімен кездесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бес әлеуметтік бастамасынан" туындайтын міндеттер жөнінде сөз қозғады, ауылшаруашылық, білім салаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар тыңдап, көпшілікпен пікірлесті.
Сондай-ақ, халық қалаулылары Бөген ауылындағы "Ордабасы Агро" және Төрткүл ауылындағы "Рамазан Агро" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің жұмысымен танысып, кооператив мүшелерімен жүздесті.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Үсенбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Баймахан Сәдуахасов аудандағы атқарылған жұмыстармен қатар, өзекті мәселелер жайын қозғап, депутаттарға ұсыныстарын жеткізді. Шаруалардың да айтары бар екен. Субсидия, жанар-жағар май, тік дренаждарды іске қосу мен каналдардың жұмысына қатысты сұрақтарын қойып, өтініш-тілектерін айтты.
Photo
Add a comment...

Post has attachment
ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 27-бабы 5-тармағына, 30-бабына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017-жылғы 21-ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидасының 100-тармағына сәйкес, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғ.Үсенбаевтың 15.08.2018 ж. №207-ж өкімімен Шындалы Ғалымжан Ғабитұлы Ордабасы аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Photo
Add a comment...

Post has attachment
Photo
Add a comment...

Post has attachment
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ МӘЛІМДЕЙДІ
Бүгінгі таңда Ордабасы ауданы бойынша жалпы жер көлемі 265 561 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылық жерлері - 208 662 га.
Жыл басынан бері бөлімге 338 өтініш түсіп, оның 241-і қанағаттандырылған, 65 өтініш бойынша түсіндіру шаралары жүргізілді. Су қорғау аймағына кірген 17 жер телімі аудандық қорға қайтарылды, 7 жер теліміне ескерту жасалып, бүгінде құжаттары сотқа жолданды. 2018 жылдың 6 айында аудандық жер учаскесіне құқық беру комиссиясы 22 отырыс өткізіп, 293 өтініш қарады.
Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй құрылысы және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімін алуға 3708 азамат кезекте тұр.
Photo
Add a comment...

Post has attachment
2018 жылы облыстық бюджет есебінен:
• Шұбар ауыл округі Береке ауылындағы 200 орындық жалпы орта мектеп құрылысы;
• Бөржар ауыл округі Теспе елді мекеніндегі 200 оқушы орындық жалпы орта мектеп құрылысы;
• Төрткөл ауыл округі Арыстанды елді мекеніндегі 200 оқушы орындық «Бөген» жалпы орта мектебінің құрылысы;
• Бадам ауыл округі Ордабасы елді мекеніндегі 200 оқушы орындық "Ордабасы" жалпы орта мектебінің құрылысы;
• Бөржар ауыл округі Бірлік елді мекеніндегі 200 оқушы орындық "Бірлік" мектебінің құрылысы;
• Шұбарсу ауыл округі "Ынтымақ" мектебіне қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылысы;
• Қажымұхан ауыл округі Темірлан елді мекеніндегі 600 оқушы орындық "Темірлан" жалпы орта мектебінің құрылысы;
• Қажымұхан ауыл округі Темірлан елді мекеніндегі 600 оқушы орындық типтік мектеп құрылысы;
• Қажымұхан ауыл округі Темірлан елді мекені "Байкал" мөлтек ауданындағы 300 оқушы орындық мектеп құрылысы;
• Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы "ПМК" аумағындағы электр желілерінің құрылысы;
• Шұбарсу ауыл округін электрмен қамтамасыз етуге (1-кезең) ЖСҚ әзірлету;
• Қажымұхан ауыл округі, Темірлан елді мекеніндегі "Самал-2,3" мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы;
• Бадам ауыл округіндегі 220/110/10кВ «Бадам» қосалқы станциясының құрылысына ЖСҚ әзірлету және оны мемлекеттік сараптама жасату;
• Қажымұхан ауыл округі, Темірлан елді мекенін газбен қамтамасыз ету ішкі жүйелері мен жеткізуші желілерінің құрылысы;
• Бөржар ауыл округі, Теспе, Ықыластемір елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету;
• Қажымұхан ауыл округі, Амангелді елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлету;
• Қараспан ауыл округі, Ынталы елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлету;
• Қараспан ауыл округі, Батырата елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлету;
• Қажымұхан ауыл округі Боралдай елді мекенінің су өткізгіштер тораптарының құрылысы;
• Төрткүл ауыл округі Арыстанды елді мекенінің су өткізгіштер тораптарының құрылысы жүзеге асырылады.
Photo
Add a comment...

Post has attachment
ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 6 МЛРД.-ТАН АСТЫ
Ордабасы ауданына 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында тартылған инвестиция көлемі 6 млрд. 107 млн. 400 мың теңгені құрап, 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 185,1 пайызды құрады. (облыс көлемінде 2 орын). Оның ішінде республикалық бюджеттен 838 млн. 200 теңге, жергілікті бюджеттен 1 млрд. 531 млн. 200 мың теңге, меншікті қаражат есебінен 2 млрд. 249 млн. 900 мың теңге, банктердің кредиттері 297 млн. теңге, басқа да қарыз қаражаттар есебінен 1 млрд. 191 млн. 200 мың теңге.
Ауданда 58 инвестициялық жобаға 2 млрд 755 млн. 179 мың теңге қаралды, (10 мектеп құрылысы, 2 елді мекеннің (Боралдай, Арыстанды) су өткізшгітер тораптарының құрылысы, 3 елді мекенді (Темірлан) газбен қамтамасыз ету ішкі жүйелерімен жеткізуші желілілерінің құрылысы, Теспе, Ықыластемір елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы, 38 нысанға жобалық-сметалық құжат жасату, Темірлан ауылы "ПМК" аумағындағы электр желілерінің құрылысы, "Самал 2,3" мөлтек аудандарының инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы, Темірлан елді мекенінен жастар саябағының құрылысы, Бадам ауыл округінен 2 қабатты 12 пәтерлі 1 тұрғын үй, Темірлан елді мекенінен 2 қабатты 12 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысы).
Photo
Add a comment...

Post has attachment
КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ ҮШІН
Биыл Темірлан елді мекенін газбен қамтамасыз ету ішкі жүйелері мен жеткізуші желілерінің құрылысына қаржы қаралып, мердігер «НС Люкс» ЖШС-мен 15.03.2018 жылы №22 келісім шарт түзілген. Қазіргі таңға 63,6 шақырым полиэтилен құбырлары салынып ескерту желісі мен ескерту лентасы төселіп көмілді және 8,6 шақырым темір құбырларын дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатыр. Қажымұхан, Көктөбе, Боралдай, Қызылсеңгір елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Облыстық салалық басқармаға құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға ұсынылды. Облыстық бюджеттен Амангелді, Ынталы, Батырата елді мекендеріне жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, Төрткүл, Қарақұм, Бөген, Жеңіс ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттарына аудандық бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. 32 елді мекенді (Қараспан а/о – 13 елді мекені, Төрткөл а/о – 9 елді мекені, Шұбар а/о – 6 елді мекені және Кемер, Шұбарсу, Бірлік, Жамбыл елді мекендері) табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленді, енді жобалау-сметалық құжаттарын дайындау үшін қаржы қарастырылып, жобалаушы мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Қалған 8 елді мекенді (Бадам, Ордабасы, Ақбұлақ, Дербес, Қарабастау, Мамыр, Дихан, Қалаш) табиғи газбен қамтамасыз ету үшін сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленуде.
Photo
Add a comment...

Post has attachment
АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚОЙ 21559-ҒА ЖЕТТІ
Ауданда мал басын асылдандыру бағытында 4 шаруашылық жұмыс істеуде. 2018 жылғы І жартыжылдық қорытындысы бойынша бүгінгі таңда Ордабасы ауданында асыл тұқымды қой басы 21559-ға жеткен.
Photo
Add a comment...
Wait while more posts are being loaded