Profile cover photo
Profile photo
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
3 followers -
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ресми интернет парақшасы
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ресми интернет парақшасы

3 followers
About
Posts

Post has attachment
#TarSPI_News
ЖАНДАР АСАН ТАРМПИ-ДЫҢ МЕДИА ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ БОЛҒАН КЕЗДЕ НЕСІМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ ?

#Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ақпараттық-имидждік бөлімінің жетекшілігін 2014 жылдың қарашасынан атқарып келген Жандар Асан «өз өтініші» бойынша қызметінен босатылып, жұмысын қорытындылады. Осы уақыт аралығында институттың медиа саласында қандай өзгерістер болды? Оқу орнының оң имиджін қалыптастыру бағытында нендей ақпараттық-насихаттық жұмыстар жасалды?

КӘСІБИ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ҚҰРЫЛДЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Баспасөз қызметі жасақталды.

Жаңа кәсіби медиа қызметтің негізгі міндеттері 3 бағытта жүйеленіп, құрылымдық міндеттемелері бекітілді.

Бірінші – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету.
Екінші – Ректордың қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді имидждік қолдау.
Үшінші – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді коммуникативті қолдау.

* * *

ТАРМПИ АҚПАРАТ ТАРАТУ ЖИІЛІГІ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА

2014 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында «Monitoring» зерттеу тобының жүргізген сараптамасы бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық институты республикалық БАҚ-та ақпарат жариялау жиілігі бойынша ҚР жоғары оқу орындары арасында алдыңғы үштіктің қатарына енді.

* * *

МЕДИА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Отандық ақпараттық кеңістікте (телеарна, газет, сайт, әлеуметтік желілер) оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстар, білім-ғылым саласындағы тың жаңалықтар, жас ғалымдардың инновациялық жобалары мен рухани-танымдық тұрғыдағы маңызды ақпараттарды үздіксіз тарату үрдісі қолға алынды. Телеарналар эфирінде педагогикалық оқу орнындағы іс-шаралар туралы сюжеттер мен білім және өнер саласында айтулы жетістікке жеткен қызметкерлер жайында циклдік бағдарламалар көрсетілімі ұйымдастырылды. Республикалық интернет-кеңістіктегі рейтингі жоғары ақпараттық сайттармен өзара әріптестік аясында жүйелі жұмыстар іске асырылды.

* * *

АҚПАРАТ ТАРАТУ ТӘСІЛДЕРІ ЖҮЙЕЛЕНДІ

Бүгінгі күнде масс медиа – көпшілік қауымға яки қоғамға ықпал ететін аса өзекті құрал. Осыған орай Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Баспасөз қызметі жекелеген хабарламалар немесе ресми мәліметтер жариялауды әртүрлі заманауи әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыруды қолға алды.

* * *

ИНСТИТУТ ГАЗЕТІ ЖАҢА ФОРМАТТА, ТЫҢ МАЗМҰНМЕН ШЫҚТЫ

2015 жылдан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Білім нұры» газеті жаңа атаумен, түрлі-түсті 8 бет болып шыға бастады. Сондай-ақ, оқу орнының жылнамасын жазып жүрген басылымның дизайны да заман талабына сай жаңартылды. 10 жылдан астам тарихы бар газет атауының бояуы, стилі мен жазылуы да өзгерді. Басылым бетінде сапалы сараптамалық материалдардың қатары ұлғайып, танымдық ақпараттардың үлесі артты. Оқу орны факультеттерінің тыныс-тіршілігі туралы жобалар көбейді.

* * *

ТАРМПИ-ДЫҢ РЕСМИ САЙТЫ ЖАҢАРДЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Tarmpi.kz» ресми интернет-ресурсы 100 пайызға жаңарды. Мақсат – сайттың тиімділігін, азаматтарға қажетті ақпараттың қолжетімділік деңгейін арттыру және ресурсты заман талабына сай дамыту. Интернет-ресурс 3 тілде қызмет етеді және көзі нашар көретіндерге арналған нұсқасы бар. Жаңа дизайндағы сайт мәзір бөлімдерінің анық құрылымдылығымен, сапалы ақпараттық толықтырылуымен, көрсетілген ақпараттың өзектілігімен, құрылым бойынша деректерді тәртіптеуімен және толық байланыс деректерін ұсынуымен ерекшеленбек.

* * *

«TARMPI.KZ» РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ – ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАРШЫСЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Tarmpi.kz» ресми интернет-ресурсы – оқу орнының жаңалықтарының жаршысына айналды. Сайт соңғы екі жарым жыл белесінде күнделікті, үздіксіз ақпарат таратып келді.

* * *

«TARMPI.KZ» РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ ҮШ ТІЛДЕ АҚПАРАТ ТАРАТА БАСТАДЫ

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Tarmpi.kz» ресми интернет-ресурсы үш тілде ақпарат тарата бастады. Веб-портал оқу орнындағы елеулі оқиғалармен, маңызды жаңалықтармен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, сайтта институттың профессор-оқытушылары мен қызметкерлерінің Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформалар турасындағы, білім-ғылым саласындағы жаңашылдықтар жайындағы және өзге де тақырыптағы мақалалары, пікірлері тұрақты түрде жариялау қолға алынды.

* * *

ТАРМПИ-ДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ РЕСМИ ПАРАҚШАЛАРЫ АШЫЛДЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ақпараттық-имидждік бөлімі көпшілік көп қолданатын әлеуметтік желілерде өз парақшасын ашты. Бұл бастама өз кезегінде аталған оқу орны туралы дұрыс әрі нақты ақпарат алуға мүмкіндік тудыру мақсатында қолға алынды. Мұнда оқу орнындағы жаңалықтар, хабарландырулар және өзге де қызықты фактілер тұрақты түрде әрі уақтысында үш тілде сапалы фотолармен жарияланып тұрады. Сонымен қатар, YouTube порталында ТарМПИ арнасы ашылды.

* * *

ТАРМПИ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПОРТАЛДАР МЕН САЙТТАРДА

Масс-медианың жаңашыл үрдісіне сай Тараз мемлекеттік педагогикалық институты туралы соңғы екі жарым жылда республикалық ақпараттық порталдар мен сайттарда жалпы саны 2510 ақпараттық-имидждік бағыттағы мақала жарық көрді. Атап айтқанда, 2014 жылы 40 жарияланым (соның ішінде 37 материал қараша-желтоқсан айларында жарық көрген), 2015 жылы 702 жарияланым, ал 2016 жылы 1085 материал шықты. 2017 жылдың алғашқы 7 айында 683 мақала жарияланды.

* * *

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛЕНДІ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында жүзеге асырылып жатқан ірілі-ұсақты шараларды «Хабар», «Хабар 24», «Қазақстан» сынды республикалық телеарналардың «жүгіртпе жолы» арқылы жұртшылыққа жариялау жүйеленді. 2014-2017 жылдары жалпы саны 83 түрлі ақпараттық мәтін берілді. Сонымен қатар, осы уақыт мерзімінде 68 телесюжет жарияланды. Ал, осы мерзім аралығында «Қазақ радиосы» «Классик», «NS» сынды республикалық радиолардан 15 ақпарат жарияланды.

* * *

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МЕЖЕ ЖОҒАРЫ

Оқырман жедел және өзекті ақпаратты журналдар мен газеттердің беттерінен оқиды. Сондықтан мерзімді баспасөз басылымдары да оң имидж қалыптастыруда басымдыққа ие. Республикалық, облыстық және аудандық мерзімдік басылымдарға 2014-2017 жылдары жалпы саны 1012 мақала қазақ және орыс тілдеріне жарық көрген.

Толығырақ www.tarmpi.kz сайтында.

#тармпи_баспасөз_орталығы
#press_center_tarspi
#пресс_центр_таргпи
#tarmpi_kz
Photo
Add a comment...

Post has attachment
#TarSPI_News
#Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Аймақтық журналистика: бүгіні мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосқан жиында өңірлік баспасөзді дамыту жайы мен журналистиканың заманауи талаптары сынды мәселелер негізгі әңгіме өзегіне айналды.

Толығырақ www.tarmpi.kz сайтында.

#тармпи_баспасөз_орталығы
#press_center_tarspi
#пресс_центр_таргпи
#tarmpi_kz
Add a comment...

Post has attachment
#TarSPI_Digest
"ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН" Республикалық газеті ТарМПИ туралы.
----------------------------------------------------
The Republican newspaper "EGEMEN KAZAKHSTAN" about TarSPI.
----------------------------------------------------
Республиканская газета "ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН" о ТарГПИ.
----------------------------------------------------
#тармпи_баспасөз_орталығы
#press_center_tarspi
#пресс_центр_таргпи
#tarmpi_kz
Add a comment...

Post has attachment
#TarSPI_Digest
"ZAKON.KZ" Ақпараттық Агенттігі ТарМПИ туралы.
--------------------------------------------------
News Agency "ZAKON.KZ" about TarSPI.
--------------------------------------------------
Информационное Агентство "ZAKON.KZ" о ТарГПИ.
--------------------------------------------------
#тармпи_баспасөз_орталығы
#press_center_tarspi
#пресс_центр_таргпи
#tarmpi_kz
Add a comment...

Post has attachment
#TarSPI_News
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

#Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ең байырғы білім ошақтарының бірі – Филология факультетінің түлектері үлкен өмірге жолдама алды. Биыл ТарМПИ-ды 152 филолог тәмәмдап отыр. Олардың 41-і «Үздік диплом» иегерлері.


Толығырақ www.tarmpi.kz сайтында.


GRADUATES OF THE PHILOLOGICAL FACULTY TOOK VOUCHERS TO AN ADULT LIFE

Alumni of one of the oldest faculties of Taraz state pedagogical Institute – graduates of the Philological faculty took vouchers to an adult life. This year 152 philologists graduated from TarSPI. 41 of them were owners of a diploma with honors.

Read more on website www.tarmpi.kz.


ВЫПУСКНИКИ ФИЛОЛОГИЧЕСКОГО ФАКУЛЬТЕТА ПОЛУЧИЛИ ПУТЕВКИ В БОЛЬШУЮ ЖИЗНЬ

Выпускники одного из старейших факультетов Таразского государственного педагогического института – Филологического факультета получили путевки в большую жизнь. В это году ТарГПИ окончили 152 филолога. Из них 41 – обладатели диплома с отличием.

Подробнее на сайте www.tarmpi.kz.

#тармпи_баспасөз_орталығы
#press_center_tarspi
#пресс_центр_таргпи
#tarmpi_kz
Add a comment...

Post has attachment
#TarSPI_News
ТАРИХ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІН 69 СТУДЕНТ ҮЗДІК ТӘМӘМДАДЫ

#Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты шараға оқу орнының оқытушылары мен бітірушілердің ата-аналары және туыстары қатысты. Биыл факультетті 135 студент бітіріп отыр. Олардың 69-ы үздік диплом иегері.

Толығырақ www.tarmpi.kz сайтында.


69 STUDENTS GRADUATED WITH HONORS FROM THE FACULTY OF HISTORY AND SOCIAL PEDAGOGY

The ceremony of awarding diplomas to graduates of the faculty of History and social pedagogy of Taraz state pedagogical Institute was held. The ceremony was attended by the teachers, parents and relatives of the graduates. This year 135 students graduated the faculty. 69 of them are holders of a diploma with honors.

Read more on website www.tarmpi.kz.


69 СТУДЕНТОВ ОКОНЧИЛИ ФАКУЛЬТЕТ ИСТОРИИ И СОЦИАЛЬНОЙ ПЕДАГОГИКИ С ОТЛИЧИЕМ

Состоялась церемония вручения дипломов выпускникам факультета Истории и социальной педагогики Таразского государственного педагогического института. В торжественном мероприятии приняли участие преподаватели учебного заведения и родители и близкие выпускников вуза. В этом году факультет окончили 135 студентов. Из них 69 – обладатели диплома с отличием.

Подробнее на сайте www.tarmpi.kz.

#тармпи_баспасөз_орталығы
#press_center_tarspi
#пресс_центр_таргпи
#tarmpi_kz
Add a comment...

Post has attachment
#TarSPI_News
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ДИПЛОМ АЛДЫ

#Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Үлкен залында Педагогика факультетінің бітіруші түлектеріне арналған диплом тапсыру кеші өтті. Дәстүрлі шараға оқу орнының ұжымы мен студенттері қатысты. Биылғы оқу жылында аталған факультетті 4 мамандық бойынша 201 студент тәмәмдап отыр. Оның ішінде 48 бітіруші үздік үлгідегі дипломға ие болды.

Толығырақ www.tarmpi.kz сайтында.


GRADUATES OF PEDAGOGICAL FACULTY GOT DIPLOMAS

Graduates of the Pedagogical faculty of Taraz state pedagogical Institute received diplomas. Awarding ceremony was held in the big concert hall of the Institute. Teachers’ staff and students took part in it. This year 201 students graduated the faculty on 4 specialties. Among them, 48 students received diplomas with honors.

Read more on website www.tarmpi.kz.


ВЫПУСКНИКАМ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ФАКУЛЬТЕТА ВРУЧЕНЫ ДИПЛОМЫ

В Большом актовом зале Таразского государственного педагогического института состоялась торжественная церемония вручения дипломов. В традиционном мероприятии приняли участие коллектив и студенты учебного заведения. В данном учебном году педагогический факультет окончили 201студент. Среди них 48 выпускников стали обладателями особого образца.

Подробнее на сайте www.tarmpi.kz.

#тармпи_баспасөз_орталығы
#press_center_tarspi
#пресс_центр_таргпи
#tarmpi_kz
Add a comment...

Post has attachment
#TarSPI_News
БИЫЛ ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ФАКУЛЬТЕТІН 171 СТУДЕНТ БІТІРДІ

Биылғы оқу жылында #Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Өнер және мәдениет факультетін 8 мамандық бойынша 171 студент бітірді. Түлектердің 13-і «Үздік диплом» иегері.

Толығырақ www.tarmpi.kz сайтында.


171 STUDENTS GRADUATED FROM THE FACULTY OF ART AND CULTURE THIS YEAR

171 students graduated from the faculty of Art and culture of Taraz state pedagogical Institute. 13 of the graduates are holders of a «Diploma with honors».

Read more on website www.tarmpi.kz.


В ЭТОМ ГОДУ ФАКУЛЬТЕТ ИСКУССТВА И КУЛЬТУРЫ ОКОНЧИЛИ 171 СТУДЕНТ

В этом году факультет Искусства и культуры Таразского государственного педагогического института окончили 171 студент. 13 выпускников – обладатели диплома с отличием.

Подробнее на сайте www.tarmpi.kz.

#тармпи_баспасөз_орталығы
#press_center_tarspi
#пресс_центр_таргпи
#tarmpi_kz
Add a comment...

Post has attachment
#TarSPI_News
ҚУАНДЫҚ ТҰРДАЛИН: АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ...

Педагогтарды табиғи қабілеті бойынша бағалауды, ең бірінші ата-анасына жүктеуіміз керек. Ол үшін әке-шешенің көзі ашық, көкірегі ояу болып, мәдениеті жоғарылап, әркім өз перзентін әрдайым сын тезінен өткізіп отыруы шарт. Мектеп жасына дейінгі баланы орта мектепті бітіргенше үш жақтап бақылаған жөн. Ең алдымен – ата-анасы. Екінші сыншысы – оқушының оқитын мектебі, ондағы ұстаздар мен психологтар. Үшінші – қоғам.

Толығырақ www.tarmpi.kz сайтында.


KUANDYK TURDALIN: WHAT I WANTED TO SAY...

Assessment of natural abilities of teachers need to assign in the first place to the parents. To do this, parents need to be educated in all senses of the word, with high culture, know how critical the actions of their descendants. It is necessary to control children from three sides, from preschool age to graduation. First of all – parents. Second critic – the school, teachers and psychologists. The third society.

Read more on website www.tarmpi.kz.


КУАНДЫК ТУРДАЛИН: ХОТЕЛ ПОГОВОРИТЬ...

Оценку природных способностей педагогов нужно возложить, в первую очередь, на родителей. Для этого родители должны быть образованными во всех смыслах слова, с высокой культурой, умеющие критично относиться к поступкам своих потомков. Необходимо контролировать детей с трех сторон, начиная с дошкольного возраста и до окончания школы. В первую очередь – родители. Второй критик – школа, педагоги и психологи. Третий – общество.

Подробнее на сайте www.tarmpi.kz.

#тармпи_баспасөз_орталығы
#press_center_tarspi
#пресс_центр_таргпи
#tarmpi_kz
Add a comment...

Post has attachment
#TarSPI_News
ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ АҒА БУЫННЫҢ ҚОСАР ҮЛЕСІ ЗОР

Биыл #Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының құрылғанына 50 жыл толды. Кейінгі жылдары жоғары оқу орны білім саласын жаңғыртуда және ғылымды дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізді. Білім ордасының осындай үлкен табыстарға жетуіне әлемге танымал, Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Мұсақан Мұратбеков те өзінің сүбелі үлесін қосып келеді, деп хабарлайды «Tarmpi.kz» «Ақжол» газетіне сілтеме жасап.

Толығырақ www.tarmpi.kz сайтында.


THE GREAT CONTRIBUTION OF THE OLDER GENERATION IN THE EDUCATION OF THE YOUNGER GENERATION

This year Taraz state pedagogical Institute marks 50 years since its formation. In subsequent years, institution has made a significant progress in the development of science and education in the modernization of higher education. One of the outstanding scientists of Kazakhstan Mussakan Muratbekov makes a significant contribution in the way of achieving such success and become world known, said «Tarmpi.kz» referring to the newspaper «Akzhol».

Read more on website www.tarmpi.kz.


ЗНАЧИТЕЛЕН ВКЛАД СТАРШЕГО ПОКОЛЕНИЯ В ВОСПИТАНИЕ МОЛОДЕЖИ

В этом году исполнилось 50 лет Таразскому государственному педагогическому институту. В последние годы добились больших успехов в развитии науки и модернизации сферы образования высшего учебного заведения. «Tarmpi.kz» со ссылкой на газету «Ақжол» сообщает о весомом вкладе в учебное заведение известного в мире, одного из видных ученых Казахстана Мусахана Муратбекова.

Подробнее на сайте www.tarmpi.kz.

#тармпи_баспасөз_орталығы
#press_center_tarspi
#пресс_центр_таргпи
#tarmpi_kz
Add a comment...
Wait while more posts are being loaded