Profile cover photo
Profile photo
Syrdariya university
3 followers -
«Сырдария» университеті
«Сырдария» университеті

3 followers
About
Posts

Post has attachment
Дойбы – ұшқыр ойдың ойыны
http://sirdariya.kz/News/2018-09-20

"Сырдария" университетінің 20 жылдық мерейтойы аясында спорттың "Дойбы" түрінен университетішілік жарыс болып өтті. Аталмыш шараны өткізудегі басты мақсат – студент-жастардың білім алуымен бірге қоғамдық-мәдени, спорттық шараларға белсене ат салысуына ықпал ету, зияткерлік, логикалық ой ұшқырлығын дамыту.

Мерейтой іс-шаралар тізбесіне орай 20 қыркүйекте студенттер арасында университетішілік "Дойбы" ойыны бойынша сайыс болып өтті. Спорттың озық түрі болып саналатын шараға "Гуманитарлық білім", "Жаратылыстану және математика", "Өнер", "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің студенттері қатысты. Ақыл-ойды шыңдайтын ойын түріне қатысқан жастар бір-біріне есе жібермеуге тырысты. Дегенмен, жарыстың аты – жарыс. Әр факультеттің озық ойлы жүйріктері жеңіс тұғырынан көрінді.

Айтулы шараны ұйымдастырған Жастар бөлімінің төрағасы М.Сәрсенбаев шара соңында сайысқа қатысушыларға алғысын білдірді. Нәтижесінде жеңімпаз атанған Қт-18 тобының студенті Қарсақбай Нұрсәуле, Био-18 тобының студенті Турманова Әсем, Бөс-15 тобының студенті Дәулет Байболат, Дш-26 тобының студенті Қалабай Бағдәулет марапатталды.

Жарысқа қатысушылар дойбы ойынының өзіндік қарым-қатынасы, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызы мен пайдасы жайлы шынайы ой түйгендерін жеткізді.
20.09.2018
20.09.2018
sirdariya.kz
Add a comment...

Post has attachment
Тағылымы мол дәріс
"Сырдария" университеті мен ҚР Ұлттық музейі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандум негізінде ҚР ұлттық музейінің "Халық қазынасы" ғылыми зерттеу институтының бөлім басшысы, PhD доктор Есенов Сырым Ғадылбекұлы 3-21 қыркүйек аралығында тарих мамандығының студенттеріне тағылымы мол тарихтан дәріс оқыды.

Ғалым мұрағаттану және мұражайтану мәселелері бойынша маңызды мағлұматтармен қатар болашақ мамандарға жан-жақты кеңес беріп, жастарды білімді болуға, Отанын, елін, жерін сүюге үндеді.
http://sirdariya.kz/News/21-09-18.html
21.09.2018
21.09.2018
sirdariya.kz
Add a comment...

Post has attachment
http://sirdariya.kz/Kutt/20-09-18.html
Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында "Сырдария" университетінің студенттері жүлделі орындарды иеленді.

Жаратылыстану бағытында:

- география мамандығының студенті Қуаныш Нұрхан - ІІ дәрежелі диплом, ғылыми жетекшісі - г.ғ.к., доцент Тажекова А.Ж., ғ.магистрі, оқытушы Аманбаев Н.С:

- биология мамандығының студенті Манамбай Әсел – ІІ дәрежелі диплом, ғылыми жетекшісі – а-ш.ғ.к., доцент Дошманов Қ.Е;

- химия мамандығының студенті Спабек Бекен – ІІ дәрежелі диплом, ғылыми жетекшісі – PhD доктор Абдуразова П.А;

- математика мамандығының студенті Сәдір Арайлым – ІІ дәрежелі диплом, ғылыми жетекшісі - ғ.магистрі, аға оқытушы Саулебаев Б.А;

- математика мамандығының студенті Оразбаева М.С. – ІІІ дәрежелі диплом, ғылыми жетекшісі - тех.ғ.к., доцент Жолдасов С.А;

Әлеуметтік-гуманитарлық бағытта:

- музыка мамандығының студенті Ерманова Мадина – ІІ дәрежелі диплом, ғылыми жетекшісі - ғ.магистрі, оқытушы Қосан Ғабит.

Университет ұжымы атынан жеңімпаздарды ғылым жолындағы жетістіктері үшін құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!
20.09.2018
20.09.2018
sirdariya.kz
Add a comment...

Post has attachment
21.06.2018
"Сырдария" университеті биылғы түлектеріне диплом тапсырды
Бүгін білім нәрімен сусындаған университет түлектері үлкен өмірге жолдама алды. 20 жылдық тарихы бар оқу орнын бітіріп отырған түлектердің арманы асқақ.
Түлектерге арналған "Жастық жігер жалыны, қолыңда, сенің, жас маман" атты диплом тапсыру салтанатында университет ректоры, п.ғ.к., доцент С.С.Дайырбеков жастарды құттықтап, сәтті сапар тіледі, магистр атанған түлектерге диплом табыс етті.

Оқу орнының 5 факультетіндегі 30-ға жуық белсенді түлекке "Үздік диплом" табысталды.

Диплом табыстау рәсімі мерекелік ән-шашуға ұласты.
http://sirdariya.kz/News/21-06-18.html
21.06.2018
21.06.2018
sirdariya.kz
Add a comment...

Post has attachment
Add a comment...

Post has attachment
http://sirdariya.kz/News/8-06-18.html
08.06.2018

Менингит ауруынан сақтануға шақырды
Бүгінде қоғамның денсаулық саласында болып жатқан жағдайларға байланысты Мақтаарал ауданы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы университеттің профессор-оқытушыларымен кездесті.

Ауа-тамшы арқылы жұғатын менингокок инфекциясы індетке айналып отырғандығы жөнінде ҚДСБ маманы Абелдинова Анар Наханқызы баяндап өтті: "Бұл жұқпа жіті респираторлық аурулармен қатар өткен кезде қоздырғыштар тез жайылып, жылдам жұға бастайды. Аурудың өршу кезеңі қыс, көктем айлары.


Аурудың белгілері тамақтың қызаруы, мұрыннан су ағуы, бітелуі, дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауруынан және құсудан басталады. Ауруға тән симптом – денеде, аяқ-қолдарда сырқырау басталады, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, тері бозарады. Дене қызуы көтеріледі. Ауру өте жеңіл түрде өтуі мүмкін. Клиникалық симптомдары бойынша тұмау, жіті респираторлық аурулардан айырмашылығы жоқ, сондықтан өте қауіпті түрде өтеді.

Инфекцияның таралуын тоқтатуға бағытталған іс-әрекеттерге санитарлық гигиенаны сақтау, таза ауада шынығу, жоғары тыныс жол сырқаттарын дер кезінде емдеу. Үй-жайларда жиі желдету, ылғалды жинау, жататын, оқу үй-жайларында және ойын бөлмелерінде аурумен байланыста болған адамдарды барынша сейілту. Мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын іс-шараларды шектеу".

Дәрігердің кеңесінсіз өз бетінше алдын-ала ем қабылдамай, тез арада дәрігерлік көмекке жүгіну керектігін де атап өтіп, "Менингит ауруынан сақтаныңыздар" деді.
08.06.2018
08.06.2018
sirdariya.kz
Add a comment...

Post has attachment
01.06.2018
http://sirdariya.kz/News/1-06-18.html
Профессор-оқытушылар СМЖ семинарына қатысты
Бүгін университеттің профессор-оқытушылар құрамы сапа менеджмент жүйесі бойынша халықаралық стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасының практикалық аспектілерін талқылайтын семинарға қатысты.

Менеджмент жүйесінің бас кеңесшісі Бандуро Анатолий Владимирович бірнеше мәселелерді қамтитын тақырыпта дәріс оқыды. Э.Демингтің "Ұлттың байлығы басқару жүйесі арқылы анықталады" деген ұстанымын басшылыққа ала отырып, әрекеттің негізгі өлшемдері Сіз не істейсіз? Не үшін істейсіз? Оны қалай жүзеге асырасыз? деген сұрақтар төңірегінде анықталатынын атап өтті.


"Сапа менеджмент жүйесінің талаптарында" жүйенің негізгі ұғымдары, СМЖ-нің ұстанымдары, құрылымы, қолданылу саласы, нормативтік сілтемелері, көшбасшылық, саясат, жоспарлау, ресурстар, құзыреттілік, қарым-қатынас, құжат ақпараттары, әрекеттер және оларды бағалау, ішкі аудит және оны жүргізу ұстанымдары, сапа менеджмент жүйесін жақсарту т.б. мәселелер сөз болды. Анатолий Владимировичтің семинар барысындағы сауалдарына профессор-оқытушылар құрамы жұмыс тәжірибесіндегі жауаптары арқылы ой бөлісіп, жаңа талаптардың мәнін бағамдады.

Әлемнің дамыған елдерінің қатарынан орын алған АҚШ, Жапония, Германия, Қытай секілді елдердің тәжірибелері көрсеткен нәтижелері де семинар барысында сөзге алынды. Халықаралық деңгейдегі білім беру сапасын жақсарту біздің елімізде де алға қойған айқын мақсаттардың бірі екені тағы да дәйектеле түсті. Бұл семинар университеттің сапа менеджмент жүйесіндегі әрекеттерді ілгерілетуге ықпал ететініне сенімдіміз.
1.06.2018
1.06.2018
sirdariya.kz
Add a comment...

Post has attachment
Add a comment...

Post has attachment
16.05.2018
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты
http://sirdariya.kz/News/16-05-18.html

Бүгінгі бас қосқан іс-шарада "Құқықбұзушылықтың алдын алу", "Ұлтаралық татулық" және "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" мәселелері кеңінен талқыланды. Қоғамның дамуына балта шабатын түйіткілдерді тарқатуға ауданнан келген Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Жолдасбеков Мақсат Жанұзақұлы, Есенбеков Абай Пердешұлы, Қалабиев Қуаныш, Бейсенбаев Мұхтар Қасымханұлы, АІІБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Аубакирова Динара қатысты.

Күн тәртібінде талқыланған тақырыптар бойынша Құқ-15 тобының студенттері Патшабай Ұлжан, Еркінбекова Феруза, университеттің студенттік проректоры Бектеміс Мейірхан, "Гуманитарлық білім" факультетінің деканы Сатуов Бекболат баяндама жасап, көзқарастарын білдірді.

Жиын барысында ұлтаралық татулықты, бейбіт өмірді сақтау, жасөспірімдер арасында орын алып жатқан құқықбұзушылыққа қарсы тұру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу проблемалары талқыланды.

Сөз соңында университеттің Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Н.С.Тленчиева талқыланып отырған бағытта оқу орнының жоспарлы түрдегі іс-шаралары өткізіліп тұратынын айтып, қатысқан қонақтарға алғысын білдірді.
16.05.2018
16.05.2018
sirdariya.kz
Add a comment...

Post has attachment
12.05.2018

Ғылым докторы дәріс оқыды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Еркибаева Гульфайруз Гиноятовна "Тілдер" кафедрасы, 5B011800 – "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығының 1 курс студенттеріне "Практический курс русского языка", 5В010300 – "Педагогика және психология" мамандығының 3 курс студенттеріне "Педагогиканы оқыту әдістемесі" пәндерінен дәріс оқыды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының негізінде профессор студенттер мен қатар "Сырдария" университетінің оқытушыларына "Заманауи педагогикалық технологиялар" тақырыбында 72 сағаттық дәріс оқыды. Семинар барысында оқытушылар топтарға бөлініп, оқыту технологияларының тиімділігі жөніндегі мәселелерге талдау жасады.

Перизат Абдуразакова 5B011900 – "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының 3 курс студенттеріне "Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту С1 деңгей" пәні бойынша және аталған мамандықтың бірінші курс студенттеріне "Практикалық грамматикадан" дәріс оқыды.

Студенттер республиканың жетекші оқу орындарының маманынан дәріс тыңдап, білім жолындағы ізденістеріне серпін алды.
http://sirdariya.kz/News/12-05-18-4.html
12.05.2018
12.05.2018
sirdariya.kz
Add a comment...
Wait while more posts are being loaded