Техникалық параметрлері бойынша машинаны ауыстыру қажет болатын немесе класы жоғары көлік алғыңыз келетін кездер болады. Десек те әрбір көлік иесі «сатып алу-сату» барысын бастан кешірді.

Ол қалай болады?

Сатып алу үшін біз жүргізушілер өздерінің «темір тұлпарларын» шығарып қойған көлік сататын базарға барамыз. Аптап ыстықта немесе қатты аязда бұл жерде ұзақ жүре алмайсың. Сондай-ақ машинаның түрін ғана жылтыратып қоятын жосықсыз сатушыларға кезігіп қалуың мүмкін.

Техникалық параметрлері мен бағасы қолайлы машинаны тапқан күннің өзінде қайта ресімдеуді ұмытпағаныңыз жөн. Ал ол жерде нөмірлерін салыстыру керек, мемлекеттік бажды төлеу керек, барлық құжаттарды тексеру керек, жаңа мемлекеттік нөмір мен техпаспорт береді. Kaspi Bank-пен әлдеқайда оңайырақ.

Машинаны үйіңізден шықпай-ақ табуға болады. Kolesa.kz сайтына кіріп «Тексерілген» деген белгісі бар марканы таңдасаңыз болғаны. Мұндай көліктер шанақ, салон, қозғалтқыш, қозғалу бөлігі, берілісті ауыстырып қосу қорабы, тежегіш жүйесі сияқты барлық негізгі элементтер бойынша, 69-тармақ бойынша кәсіби диагностикадан өткен. Бұл – уақытты едәуір үнемдеу, өйткені егжей-тегжейлі тексеру актісінің арқасында сіз көліктің жағдайын қарап тексермей-ақ білетін боласыз.

Барлық соманы жинап, сатып алуды соза бермеу үшін, сайттан-ақ несиеге өтінім беріп, онлайн мақұлдауды 1 минуттың ішінде алуыңызға болады.
Төлемді есептеу үлгісі бағасын білуге көмектеседі.

Несие беруге бір-ақ күн кетеді, ал көлікті ресімдеуді және тіркеуді Kaspi Bank өз мойнына алады.

Айдалған көлікке несие туралы мына сайттан толығырақ білуіңізге болады: https://kaspi.kz/guide/auto_credit/
Саудаңыз сәтті болсын!
Photo
Shared publicly